Акционерлік қоғамы "№ 405 авиажөндеу зауыты"

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«№ 405 авиажөндеу зауыты» акционерлік қоғамы, директоры Ушаков Константин Валерьевичтің тұлғасында, «Ми» маркасы тікұшақтарының ұшу жарамдылығын демеу саласындағы өзара тиімді қатынастарды дамыту мақсатымен Сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсыну құрметіне ие болып отыр:

«№ 405 авиажөндеу зауыты» акционерлік қоғамы «Ми» және «Ка» маркаларының тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің көп жылдық тәжірибесіне ие бола отырып, қазіргі күнде Орталық Азия аймағының алдыңғы қатарлы сертификатталған авиажөндеу кәсіпорны болып табылады және өзінің Тапсырыс берушілеріне авиациялық техниканың қызмет ету кезеңін ықпалдастырылған техникалық және логистикалық қолдаудың заманауи түрлерін ұсынуға қабілетті.
№ 405 авиажөндеу зауыты Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан және өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиімді географиялық орналасу жеріне ие.
№ 405 авиажөндеу зауытының авиациялық техниканы жөндеуге маманданғанына 70 жыл болды. Кәсіпорында тікұшақтарды жөндеу тарихы 30 жылдан астам уақытты құрайды, оның 15 жылдан астамы азаматтық және әскери мақсаттағы «Ми» маркасының тікұшақтарын жөндеумен және жаңартумен тығыз байланысты. Зауыттың күш салуымен қайта пайдалануға берілген тікұшақтар Азияда, Еуропада және Африкада табысты қолданылуда.
Қазіргі күнде «№ 405 авиажөндеу зауытының» АҚ Ми-8, Ми-8МТ, Ми-17, Ми-8МТВ-1, Ми-17-1В үлгісіндегі тікұшақтардың барлық түрлеріне техникалық қызмет көрсету, күрделі жөндеу және модернизациялау бойынша жұмыстар кешенін кәсіпорынның орындау құқығын растайтын барлық қажетті нормативті және құқықтық құжаттары бар.
«Ми» маркасының тікұшақтарын жобалаушы – «М.Л. Миль атындағы Мәскеу тікұшақ зауыты» ААҚ біздің кәсіпорынға Ми 8, Ми-8МТ (Ми-17), Ми 8МТВ-1 (Ми-17-1В) үлгісіндегі тікұшақтардың барлық түрлеріне күрделі жөндеу жүргізу бойынша нормативті және техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын Жөндеу мекемесінің куәлігін берді.
Кәсіпорын АП-145.1 авиациялық ережелерінің талаптарына сәйкестігі бойынша Мемлекетаралық Авиация Комитетінің Авиациялық Регистрімен сертификатталған.
Кәсіпорынның сапа менеджментінің жүйесі ISO 9001:2008 Сапаның халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша «TUV NORD CERT» аудиторлық компаниясымен сертификатталған.
Кәсіпорынның қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуге, сатуға, өңдеу арқылы пайдаға асыруға және қайта өңдеуге арналған Мемлекеттік лицензиялары бар.
Кәсіпорын өз өндірістік қызметін тікұшақтарды жобалаушымен - «М.Л. Миль атындағы МТЗ», сонымен қатар негізгі өндірушілермен – «Қазан тікұшақ зауыты» ААҚ мен «Улан-Удэ авиациялық зауыты» ААҚ тығыз және табысты ынтымақтастықты жүзеге асыруда.
Ресейдің тікұшақтарды жасау саласының кәсіпорындарын басқаратын компания «Ресей тікұшақтары» ААҚ (Мәскеу қ., Ресей) мен «№ 405 авиажөндеу зауыты» арасында 2009 жылдың 24 қыркүйегінде зауытқа Тапсырыс берушілер мүддесінде ресей тікұшақ техникасының ұшу жарамдылығын жедел және қолжетімді кешенді қолдауға мүмкіндік беретін «Тікұшақ техникасына қызмет көрсету мен жөндеу саласындағы ынтымақтастықтың жалпы ұстанымдары туралы» келісімге қол қойылды.
Қазіргі уақытта кәсіпорын авиациялық пилотаж, навигация және радио жабдықтарын жобалау мен өндіру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялардың тікелей өндірушілерімен немесе ресми өкілдерімен әріптестік қатынастар орнатты. Заманауи аппаратураны орнату «Ми» маркасының тікұшақтары шешетін әскери және азаматтық міндеттердің төлсипаттарын едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл оларды тәулік бойы кез келген ауа-райы жағдайларында және географиялық ендіктерде қолдануға болатын әмбебап ұшатын аппараттарға айналдырады.
Кәсіпорын Алматы қаласындағы Халықаралық әуежайымен көршілес орналасқан 70 000 шаршы метрден астам ауданды аймақта орналасқан. Барлық қажетті технологиялық құралдармен, жабдықтармен және құрал-жабдықтармен жарақталған өндірістік аумақтар 18 000 шаршы метрден астам жерді құрайды, онда бір уақытта Ми-8/17 түріндегі тікұшақтардың жиырмасына дейін күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету және модернизациялау жүргізілуі мүмкін.
Өндірісте шамамен 250-ге жуық білікті маман, соның ішінде Ми-8/17 түрінің тікұшақтарын сынаушы – жоғары кәсіби деңгейдегі ұшқыштардың өз экипажы жұмыс жасайды.
©2009 Алматы. АҚ "№ 405 авиажөндеу зауыты".